Зияткерлік ойыны өтті

20ноября 2016

2016 жылғы 20 қараша күні, Қаражанбас кен орнының Мәдени-демалыс орталығында «Қаражанбас» Компаниялар тобы жастарының арасында «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны өтті. 
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ұйымдастырған білімпаздар сайысының мақсаты – ұлтымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихын насихаттау. Оған «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, ««Технологиялық көлікті басқару және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжҰҚК) және «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің командалары қатысты. 
Зияткерлік ойынын Жас мамандар кеңесінің мүшелері Жанар Нұржанова мен Абзал Ешекенов жүргізді. Сайыстың барысын қатысушы командалардың өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бақылады. 
Ақтық ойында «ТКБжҰҚК» ЖШС-і «ҚБМ» АҚ командасын жеңіп, Ауыспалы Кубоққа ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықты «ҚБМ» АҚ Жылу, сумен қамту цехының басшысы Қайрат Шыңғысов табыс етті.

Интеллектуальная игра «Алтын қақпа»

20 ноября 2016 года, в Культурно-досуговом центре месторождения Каражанбас прошла интеллектуальная игра «Алтын қақпа» среди молодежи Группы Компании «Каражанбас», приуроченная к 25-летию Независимости страны. 
Цель мероприятия – пропаганда национальной культуры, традиции и истории. В игре приняли участие команды АО «КБМ», ТОО «ТМС», ТОО «УТТ и ОС» и Совета молодых специалистов АО «КБМ». 
Игру вели члены СМС Жанар Нуржанова и Абзал Ешекенов. За игрой наблюдали жюри из числа представителей участвующих команд. 
В итоге победу одержала команда ТОО «УТТ и ОС», выигравшая в финале у АО «КБМ». Победители получили Переходной Кубок, который вручил начальник ЦТВС АО «КБМ» Кайрат Шынгысов. 

Дата публикации:
20 ноября 2016

Просмотры: 9055

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил