Талап Барболов облыстық VI Халық спорты ойындарының жеңімпазы

25июля 2018

«Қаражанбасмұнай» АҚ спорт нұсқаушысы Талап Барболов Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Маңғыстау облыстық VI Халық спорты ойындарының бағдарламасында топ жарды. 

Жеке және командалық сында үстел теннисінен барлық қарсыласынан басым түскен ол үздіктер көшін бастады. Енді әріптесіміз күзде өтетін республикалық сынға қатысады. 

Сонымен бірге, Т.Барболов үстел теннисінен Ресей Федерациясының Орынбор облысына қарасты Орск қаласында өткен Ресей ашық чемпионатына іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орын иеленген болатын. 


Дата публикации:
25 июля 2018

Просмотры: 7540

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил