Сіздерді ұлық мереке — Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!!!

0

Құрметті әріптестер!
Сіздерді ұлық мереке — Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Барша жұрт қимай қоштасқан Рамазан айы - сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған уақыт. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы - Рамазан.
Отыз күн оразадан соң келіп жеткен еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін Ораза айт мейрамы Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Ораза айт мейрамы — сіздердің көңілдеріңізге қуаныш, отбасыларыңызға шуақ сыйласын! 

Дата публикации:
0

Просмотры: 6913

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил