Спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңінде қаражанбастықтар да бақ сынауда.

18июня 2019

Бүгін Атырауда Қазақ мұнайының 120 жылдығына орай "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы Спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңінде қаражанбастықтар да бақ сынауда.
Жарыстың алғашқы күнінде үстел теннисінен Жанар Қаржаубаева екінші орын иеленсе, Талап Барболов үшінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, волейболдан «Қаражанбасмұнай» АҚ қыздар құрамасы екінші орынды қанағат тұтты.
Бұған дейін қол күресінен әріптестеріміз табысты өнер көрсетіп, Бақтияр Төлеубаев бірінші орын иеленсе, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Құралай Ақжігітова екінші орын, 65 келіден жоғары салмақта Сара Ақаева үшінші орын алған болатын. 

Дата публикации:
18 июня 2019

Просмотры: 6228

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил