Республикалық жарыс мәресіне жетті

20февраля 2017

Шырайлы Шымкент қаласында гір тасын көтеру және қол күрестен республикалық жарыс мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен жиналған 700-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ №2 мұнай өндіру цехының операторы әрі облыстық гір спортының бас бапкері Нартай Алтыбаевтың шәкірттері де бар.

-Жарыс 13-17 аралығында Шымкент қаласында өтті. Оған жеті шәкіртімді апардым. Олардың арасынан үш спортшы орын алып келді. Өзім «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнында он екі жылдан бері жұмыс істеймін, бос уақытымда гір тасын көтеруден спортшыларды жарыстарға дайындаймын. Кей кездері өзім де жарыстарға қатысып, өңір намысын республикалық жарыстарда қорғап жүрмін. Бұл жолы жарыста шәкірттеріме көп көңіл бөліп, өзіме аз дайындық жұмсадым. Сондықтан да өзім 5-ші орыннан көріндім. Жалпы мұнайшылар арасында өтетін жарыстарда үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Бүгінгі таңда облыста 40-қа жуық шәкіртті тәрбиелеп жүрмін,-дейді №2 мұнай өндіру цехының операторы әрі облыстық гір спортының бас бапкері Нартай Алтыбаев.

Енді жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ. 

Дата публикации:
20 февраля 2017

Просмотры: 8657

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил