Рақымжан Бектілеуов «Минут ішінде Жеңіске» жетті

5апреля 2018

4 сәуірде Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында жұмысшылар арасында «Минут ішіндегі Жеңіс» сайысы өтті. Мұнайшы қауымның жұмыстан тыс уақытын көңілді өткізу мақсатында ұйымдастырылған ойын күнделікті қолданыстағы қарапайым құралдардың көмегімен 7 сынақ кезеңінен тұрды. Шарт бойынша әр сынақтан өту үшін ойыншыға тек қана бір минут уақыт берілді және қатысушының 3 мүмкіндігі болды.

Ойыншы белгіленген уақыттың ішінде сынақтан өте алмаса немесе ойын шарты бұзылса, бір мүмкіндіктен айырылып, берілген 3 мүмкіндікті пайдалана алмаған жағдайда ойын тоқтатылып отырды. 

Ойыншы жеңіске жету үшін белгіленген 7 түрлі сынақ - ине жіп, бұранда, қармақшы, пирамида, ерекше мұнара, мұнара, сиқырлы шам секілді кезеңдерден сүрінбей өткен ойында жеңімпаз атанып, 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болады. 

Еламан Насыров, Мақсат Тоқсанбаев, Рахымжан Бектілеуов, Айнұр Мырзағалиева, Егор Миненко, Сәнияш Тәжібаева, Найман Аминов сынды жеті қатысушы барын салып көрді. Ойын қорытындысы бойынша Қабат қысымын ұстау цехының слесарь-жөндеушісі Рахымжан Бектілеуов үздік шығып, жеңімпаз атанды. 

Дата публикации:
5 апреля 2018

Просмотры: 8303

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил