Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының әртістері жұмысшыларға өз қойылымдарын ұсынды.

8сентября 2017

Қыркүйектің 7-8 күндері Қаражанбас кен орнындағы мәдени демалыс орталығында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының әртістері жұмысшыларға өз қойылымдарын ұсынды. «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясы мен «Қош махаббат» драмасын сахналаған театр ұжымы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Бұған дейін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып келгендіктен театр әртістері кен орнында өнер көрсетпеген еді. Ұзақ жылдардан бері алғаш рет келіп отырған өнер саңлақтарыныңқойылымы көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлап, ерекше әсерге бөледі.
Театр әртістерінің кен орнына гастрольдік сапары ҚР Мұнай-газ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Мерекеде естен кетпес өнер көрсеткен өнерпаздарға алғыс білдіреміз. Сонымен бірге, театр әртістерінің гала-концерті 9 қыркүйек күні 20:00-де Мәдени демалыс орталығында өтеді.

 

Дата публикации:
8 сентября 2017

Просмотры: 7634

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил