Мұнайшылар күніне арналған мерекелік шаралар

9сентября 2017

Мұнайшылар күніне арналған мерекелік шаралар «Қаражанбасмұнай» АҚ салтанатпен жалғасуда. Қыркүйек айы басталғалы бері елеулі еңбегі еленген компанияның көптеген жұмысшыларына марапат табысталды. Өндірісте талай жылдардан бері табысты еңбек етіп, кен орнының жүгін арқалаған мұнайшыларға компания басшылығы атынан алғыс айтылды.
Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші Вице-президенті Ли Тецян, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Президенті Шаттық Кульшиков, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС бірінші Вице-президенті Мэн Цинган құттықтап, 34 мұнайшыға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасын, Алғыс хатын, сондай-ақ, «КАЗЭНЕРДЖИ» қауымдастығының Құрмет грамотасын, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатын, «Қаражанбасмұнай» АҚ президентінің Құрмет грамотасын және Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады. Бұдан бөлек, Өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов «Үздік маман-2017» сайысында топ жарған мамандарға диплом мен төсбелгілерін табыс етті. Салтанатты шара жалғасын тауып, құқықтық мәселелер және кадр жөніндегі Вице-президент Руслан Макашев алқалы басқосуда спорттық сайыстың жеңімпаздарына жүлдерін тапсырды. Осылайша талай жылдан бері атқарылған жұмыстар жоғары бағаға ие болып, мұнайшылардың сіңірген сүбелі үлесіне оң берілді. 
Сонынан мұнай-газ саласының жүгін арқалаған қауымға Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әртістері өз өнерлерін ұсынды. Әсем ән мен көркем бимен жалғасын тапқан кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, естен кеспес әсер қалдырды.
Мұндай салтанатты шара алдағы вахталық ауысымда (17-18-19 қыркүйек күндері) жалғасын табатын болады. 

Дата публикации:
9 сентября 2017

Просмотры: 8015

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил