Мұнай-газ қызметкерлерінің мерекесі

3сентября 2017

Мұнай-газ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында қаражанбастық жұмысшылар Маңғыстау облысы әкімі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының марапатына ие болды. 
Абай атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мұнайшыларды төл меремен құттықтады. Өндіріс қызметкерлерінің ерен еңбегіне тоқтала келе, олардың атқарған өлшеусіз жұмыстарына жоғары баға берді. Сонымен бірге, аймақ басшысы Е.Тоғжанов «Қаражанбасмұнай» АҚ президентінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Баймулдиновқа арнайы алғысын білдірсе, Мұнай дайындау және айдау цехының басшысы Бекжан Ешекенов пен Қабат қысымын ұстау шебері Бердібек Құлымжановқа Құрмет грамотасын табыс етті. 
Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев №2 мұнай өндіру цехының сорап қондырғыларының машинисі Есмырза Қаниға Құрмет грамотасымен көпшілік алдында марапаттады.  
Алқалы басқосуда өңір бойынша мұнай-газ саласында ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан жұмысшы қауымға алғыс айтылып, мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Дата публикации:
3 сентября 2017

Просмотры: 8536

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил