Мұхит Салқыновтың «Сезімге толы жырлары»

19февраля 2018

Қаражанбас кен орнындағы Мәдени-демалыс орталығында ақын Мұхит Салқыновтың «Сезімге толы жырлар» атты жыр кеші болып өтті. 

«АрғымақТрансСервис» ЖШС мекемесінде автокран жүргізушісі болып қызмет жасайтын қаламгердің шығармашылығына арналған кеште Айнаш Тарапиева, Аят Әбілбек, Ербол Сайын, Жанар Нұржанова, Жанар Юсупова, Рақымжан Бектілеуов, Санияш Тәжібаева, Самат Айтымов сынды жырсүйер қауым ақынның «Ана сезім», «Әйгерім -Уәли», «Айналдым жібек мінез қарындасым», «Каспий», «Өлең жазам», «Құмармын!», «Ауылым», «Балама» секілді өзіндік өрнегі бар өлеңдерін оқып, жиылған көпшілікті тәнті етті. 

Кеш барысында М.Салқыновтың әріптестері де сөз алып, ол туралы жылы лебіздерін айтып, мекеме басшылығының құттықтауы бірге сый-сыяпатын табыс етті.

 

Дата публикации:
19 февраля 2018

Просмотры: 9601

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил