Марат Аженов «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысында үшінші орынға ие болды

5сентября 2019

«Қаражанбасмұнай» АҚ өндірісті автоматтандыру цехының слесарі Марат Аженов «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысында үшінші орынға ие болды. Татарстан Республикасының Альметьевск қаласында 29.08.-04.09. күндері өткен сында үздіктер қатарынан көрініп отыр.
Айта кететін жайт, биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шеңберінде өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік сайысы «Татнефть» ААҚ өндіріс аумағында өткізілді. Татарстанда өткен мұнай сасмиті аясында бақ сынаған қаражанбастық 11 үміткердің ішінен Марат Таутанұлы Аженов жүлдеге ілінді. Ол өндірісті автоматтандыру цехында бес жылдан бері еңбек етеді, Өз саласының үздігі атанған Марат биыл «Қаражанбасмұнай» АҚ өткен кәсіби шеберлік сайысында топ жарған болатын.
Айтулы бәсекеде оза шауып, жүлде алған әріптесімізді қуанышымен құттықтап, барлық әріптестері атынан шын жүректен құттықтаймыз. 

Дата публикации:
5 сентября 2019

Просмотры: 5043

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил