Маңғыстау облысының әкімі «Қаражанбас» кенорнында болды

0

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен «Қаражанбас» кенорнында болды. Аймақ басшысы компанияның өндіріс нысандарымен танысты. Соның ішінде, «ТКБжҰҚК» ЖШС-нің өндірістік базасында болды. Сонан соң өткен жиналыс барысында, «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Есен Қайыржан компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. 

- «Қаражанбасмұнай» АҚ жылдық көрсеткіші 2 миллион тоннадан астам мұнай өндіру көлемімен Қазақстанның он ірі мұнай өндіруші компаниялар қатарына кіреді және Маңғыстау облысының озық мұнай өндіруші кәсіпорындарының үштігінің құрамында. Мекеменің әр қызметкері аймақтың экономикасына өз үлесін қосуда. Сондықтан, жұмысшылар үшін жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай мен жұмысқа қолайлы мүмкіндіктер жасалуы тиіс, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 
Облыс әкімі вахталық ауылда тұратын мұнайшылардың тұрмыстық жағдайымен танысып, мұнайшылар асханалары мен мәдениет үйін аралап шықты.

Аким области побывал на месторождении Каражанбас 

Аким Мангистауской области Ералы Тугжанов с рабочей поездкой побывал на месторождении Каражанбас. Глава региона ознакомился с производственными объектами компании. В частности, он побывал на производственной базе ТОО «УТТиОС». 
Затем состоялось совещание в ходе, которой президент АО "Каражанбасмунай" Есен Кайржан рассказал о текущей деятельности компании. 
Ералы Тугжанов отметил, что сегодня АО «Каражанбасмунай» с объемом добычи более 2 миллионов тонн нефти в год, входит в десятку крупных нефтедобывающих компаний Казахстана и входит в тройку лидирующих нефтедобывающих предприятий Мангистауской области. Каждый работник предприятия вносит вклад в экономику региона, поэтому важно создавать хорошие социально-бытовые условия и благоприятную рабочую обстановку. 
Аким области ознакомился с условиями проживания работников в вахтовом поселке, посетил столовые нефтяников и дом культуры. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 12095

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил