Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері Қаражанбас кен орнына барып қайтты

3ноября 2017

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері Қаражанбас кен орнына барып қайтты. Сапар мақсаты – қауіпсіздік техникасы, экология, өрт қауіпсіздігі мен нысандар күзетімен жан-жақты танысу болды. 
Делегацияның құрамында ҚХР-ның ҚР Төтенше және өкілетті Елшісінің кеңесшісі Дай Цаньцзань, елшіліктің бірінші хатшысы Юй Чжиган, елшіліктің үшінші хатшысы Лю Бо және Астанадағы «СИТИК Групп» өкілдігінің жетекшісі Ли Ин, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші Вице-президенті Ли Тецян, өндіріс жөніндегі Вице-президент Джау Ливень, «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС Вице-президенті Сун Гуантао болды. 
Кен орнына келген делегация өкілдері №3 шеп бекеті, өндіріс нысандары, цехтар мен «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «КЭМП»-тің жатын орнын, ОИТҚ диспетчерлік қызметін, жұмысшылар поселкесін, Мәдени демалыс орталығы, спортзал, кітапхана, музей, мұнайшылар тұратын үйдің №1 кіреберісін аралап көрді. 

Дата публикации:
3 ноября 2017

Просмотры: 7951

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил