ҚР Конституция күніне орай цехтар арасында «Бір минутта жеңіске жет» сайысы өтті

3сентября 2017

Қаражанбас кен орнында ҚР Конституция күніне орай цехтар арасында «Бір минутта жеңіске жет» сайысы өтті. Жұмысшылардың өзара ынтымақтастық арттыруы мен бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған бұл шараның маңызы зор. Ойын барысында қатысушылар өз жұмыстарына ғана емес, қиындығы көп сайыста ептіліктері мен жылдамдықтарын көрсете алды.  
Әсет Әбижанов, Сәбит Шәмиев, Мерей Құлмырзаев, Марат Мәмбетов, Данияр Оралов, Дәурен Сүлейменов, Асылбек Бисатов, Марат Бугасов, Ақтілеу Базарбаев, Шадияр Скендиров, Асан Кетебаев, Думан Ускембайұлы сынды жұмысшылар 10 кезеңнен тұратын сайыстың көрігін қыздыра түсті. 
Ойын кезінде қатысушыларға 3 мүмкіндік және әр тапсырманы орындау үшін бір минут берілді. Олар бірінші кезеңде кілемшемен сырғанап, кеңселік домино, жоғары қозғау, киім ілгіштер, жіп сабақтау, пирамида қалау секілді шарттарды орындауы тиіс болды. 
Ойын басталысымен қатысушылардың барлығы да алғашқы үш кезеңнен сүрінбей өтті. Сайыс күрделене бастағанда Д.Оралов, А.Кетебаев сүрінсе, бесінші кезеңде Әсет Абижанов ойынды тоқтатуына тура келді. Оныншы шартқа дейін жеткен С.Шамиев, А.Бисатов, М.Құлмырзаев, М.Мәмбетов көрерменге өздерінің епті екендіктерін дәлелдеді. Дегенмен, олардың арасынан Марат Мәмбетовтың мерейі үстем болып, жүлдеге тігілген 100 мың теңгеге ие болды. 
Бұған дейін ұйымдастырылған сайыста жүлдегер анықталмаған болса, бұл жолы көпшіліктің қызу қолдауымен қатысушылар барын салды. Көп ішінен үздік шығып, барлық кезеңдерде шарттарды орындап шыққан әріптесіміз Марат Мәмбетовты жеңісімен құттықтаймыз.

 

Дата публикации:
3 сентября 2017

Просмотры: 10922

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил