Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қаражанбас кен орнында мерекеге орай салтанатты шара өтті.

0

Аталған мерекелік басқосуда мұнайшы қауымды «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президенті Сүйіндік Алдашев, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Таңатар Жайман, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов, «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Персоналмен жұмыс жасау басқармасы директорының орынбасары Мәлік Меңдіғалиев, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов мерекемен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. 

Шара барысында Компания президенті Ли Тецян мен Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев бірқатар жұмысшыларға Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасын, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің Құрмет грамотасын, сонымен бірге, Алғыс хаттарды табыстады. Өз кезегінде «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Ш.Құлшықов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Т.Жайман, «ТКжҰҚБ» ЖШС Персоналмен жұмыс жасау басқармасы директорының орынбасары М.Меңдіғалиев серіктестік жұмысшыларына тиісті марапаттарды тапсырды. 

Мерекелік кеште Компания жұмысшылары әсем әнмен өрнектеп, күмбірлеген күймен көмкерді. Олардың қатарында Марат Сәулебай, Нұрлан Битанов, Ерлан Сындыбаев сынды әншілер болса, Марат Мәмбетов күймен кештің көркін келтірді. 

Облыс әкімінің Құрмет Грамотасы: 
Калиев Есенгелди, Жылу және сумен қамту цехының бастығы; 
Наурызбаев Изимшайыр, Пайдалану жабдықтарын икемдеу- жөндеу цехының бастығының орынбасары; 
Нуртилеуов Кадиргали, Құрылыс-жөндеу цехының гидроизоляция айырушысы, 
Айтбаев Мият, Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстары цехының 5 дәрежелі ұңғыларды зерттеу операторы; 
Бектеш Мақсат, 5 дәрежелі қабат қысымын ұстау цехының операторы; 
Даржигитов Суйнгали, 5 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы. 

«Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің Құрмет Грамотасы: 
Өтесінов Ерболат, 5 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы;
Нурниязов Адилбек, 5 дәрежелі ұңғыларды зерттеу операторы;
Кенжегалиев Аккуан, Мұнай-газ және конденсат өндіру шебері; 
Куанбаев Айболат, Жылу және сумен қамту цехының шебері. 

«Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің Алғыс хаты:
Рахметов Ербол, 4 дәрежелі тауар операторы; 
Әнеш Самат, 4 дәрежелі электр жабдықтарын жөндеу және құрастыру электрмонтері;
Базарбаев Ерлан, Қабат қысымын ұстау цехының технигі; 
Борсанов Аскар, Ұңғыларды күрделі жөндеу бойынша инженері. 

«Салалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» марапатталғандар: 
Ерлан Шабаков - «Қаражанбасмунай» АҚ қысым қабатын ұстау цехының аға инженері, «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
Косбаев Хамит, «Қаражанбасмунай» АҚ Орталық инженерлік-технологиялық қызметінің топ жетекшісі; «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» алғыс хаты;
Нуртилеуов Кадыргали, «Қаражанбасмунай» АҚ құрылыс-жөндеу цехының гидроизоляция айырушысы, «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» Алғыс хаты; 
Чуакова Шара, «Қаражанбасмунай» АҚ Әлеуметтік жұмыс және ішкі коммуникация бөлімінің аға маманы, «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» Алғыс хаты; 
Байпаков Нурхат, «Қаражанбасмунай» АҚ Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстарының цехының ұңғыларды зерттеу операторы, «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» Алғыс хаты; 

«ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президентінің Құрмет грамотасы:

Байтов Байболат, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының көтергіш жүргізушісі; 

Байтұрған Айдар, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының Ұңғыларды күрделі жөндеу бұрғышы көмекшісі; 
Бекишев Адамант, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының слесарь-жөндеушісі; 
Бисенбаев Майрамбай, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының көтергіш жүргізушісі;
Дюсегалиев Кайрат, Бас механик қызметінің технигі; 
Иманбаев Аскар, Өндірісті қамтамасыз ету базасының слесарь-жөндеушісі; 
Кунакбаев Абзал, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының ұңғыларды күрделі жөндеу бұрғышы көмекшісі;
Өтебаев Ғалымбек, Ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу цехының ұңғыларды күрделі және жер асты жөндеу шебері; 
Шүйіш Әлібек, Өндірісті қамтамасыз ету базасының слесарь-жөндеушісі; 

Дата публикации:
0

Просмотры: 8558

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил