Өндірісте еңбек ететін мұнайшы қауымды «Қаражанбасмұнай» АҚ Бірінші Вице-президенті Сүйіндік Алдашев құттықтап, «Қаражанбас» компаниялар тобында еңбек етіп жүрген бір топ жұмысшыға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Сонымен бірге «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Батырғали Серікбаев өндірісте ерен еңбегімен көзге түскен жұмысшыларға кәсіподақ атынан Алғыс хаттарды тапсырды.
Бұл жолы мұнайшылар үшін ерекше тарту жасалды. Салтанатты марапаттаудан соң Әлеуметтік жұмыс департаментінің мамандары шағын концерттік бағдарламасын ұсынып, сонынан Маңғыстау ғашықтары сериянан «Ақшора-Белтұран» қойылымын ұсынды. Бұл қойылымдағы рөлдерді департамент қызметкерлері сомдап, көпшіліктің оң ықыласына бөленді.
Дата публикации:
0
Поделиться: