Қазақстан мұнайына 120 жыл және кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті

12сентября 2019

11 қыркүйек күні Қаражанбас кен орнында Қазақстан мұнайына 120 жыл және кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті.
Мұнайшы қауымды «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті міндетін атқарушы Лю Цинго, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, Кәсіподақ төрағасының орынбасары Расул Денбаев, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті Мэнг Цинган, «АрғымақТранссервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Кұлшықов құттықтады. Құттықтау барысында өндіріс жұмысында еңбек ететін жандарға ҚР Энергетика Министрлігінің Құрмет Грамотасы, Алғыс хаты, "Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамотасы, «КАЗЭНЕРДЖИ» Қауымдастығының Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаты, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ Естелік белгісі, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалі және Кәсіподақ Тарапынан «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды. Өндірістік басқарма директоры Оңғарбай Қабылов пен кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Балабай Шелпеков "Үздік маман-2019" кәсіби шеберлік сайысының және мерекеге орайластырылған спорттық жарыс жеңімпаздарын марапаттап, жүлделерін тапсырды.
Мерекелік концерт аясында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртістері әннен шашу шашып, көпшілікке шаттық сыйлады. Сонымен бірге, мерекеге орай лоторея ойнатылып, жеңімпаздарға тұрмыстық бұйымдар берілді. Мерекенің құрметіне орай жұмысшыларға концерт алдында дастархан жайылым, дәмді тағам мәзірі ұсынылды. 

Дата публикации:
12 сентября 2019

Просмотры: 4883

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил