Кәсіподақтың жаңа төрағасы сайланды

11июня 2018

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы ауысты. Бастамашы топтың ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығында өткен конференцияда жаңадан төраға болып Құрылыс-жөндеу цехының басшысы Айтбай Кужухов сайланды. Сонымен қатар, бұл жиында кәсіподақтың төралқа мүшелері дауыс беру арқылы бекітілді.  

Конференцияға «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ делегаттары мен компания басшылары, Салалық кәсіподақтар ұйымының өкілдері қатысты.  

Жаңа төраға Айтбай Төлегенұлына көпшілік сенім білдіріп, жұмысшылар алдында тұрған міндеттерді табысты атқаруына сенім білдірді. 

Дата публикации:
11 июня 2018

Просмотры: 8167

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил