Кәсіподақ балалар үйіне тарту жасады

0

Балалардың қорғаудың халықаралық мерекесіне орай «Қаражамбасмұнай» АҚ жанындағы әлеуметтік жұмыстар басқармасының директоры Марат Себасов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Батырғали Серікбаев бастаған топ Ақтау қаласындағы мамандардырылған бөбектер үйі мен аналар үйіне арнайы барып қайтты.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтарды табыстап, мерекеге орай ұйымдастырылған шараға қатысты. Өз кезегінде сөз алған кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Серікбаев бөбектерге әрдайым көмектесуге дайын екендігін айта келе, ұжымның елеулі еңбегіне табыс білдірді. 

Сондай-ақ, балалардың мерекесінде қаражамбастықтар Ақтау қаласындағы аналар үйіне де бас сұқты. Тағдыр ауыртпашылығына ұшыраған аналарға рухани қолдау білдіріп, кәсіподақ ұйымы атынан балаларға сыйлықтар ұсынылды.

 

Дата публикации:
0

Просмотры: 9240

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил