Қаражанбастықтар Амал мерекесін атап өтті

14марта 2018

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы компанияда еңбек еткен зейнеткерлердің құрметіне орай көрісу күнін өткізді. «Нұр Плаза» мейрамханасында өткен мерекелік шарада ардагер мұнайшыларды Компания Президенті Ли Тецян мен Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев іссапарда болуына байланысты бейнежазба арқылы құттықтады. Сондай-ақ, Экономикалық мәселелер жөніндегі Вице-президент Лю Цинго, Өндіріс жөніндегі Вице-президент Нұржан Әбдірахманов, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов, «ТТжҰҚБ» ЖШС директоры Қалбай Ізмұханов жылы лебіздерін жеткізді. Бұдан басқа Қаражанбас кен орнында өндірістегі әріптестер зейнеткерлерге деген құттықтауларын бейнежазба арқылы білдірді.  

Амал мерекесіне орай ұйымдастырылған басқосуда өңірге белгілі барлаушы геолог Әділ Нұрманов бастаған ардагерлер сөз алып, Компания басшылығына алғыс білдірді. Сонымен бірге, зейнеткер Қуанышқали Елубаев мерекеге жыр шашуын арнады. Әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің ұйымдастырған шарада аймаққа белгілі өнерпаздар өнерлерін ортаға салды. 

Дата публикации:
14 марта 2018

Просмотры: 8352

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил