Қаражанбастықтар 1 мамырда 50 миллионыншы тонна мұнай өндірді

2мая 2018

1 мамыр күні Қаражанбас мұнайшылары компания тарихындағы 50 миллионыншы тонна мұнай өндіріп, мерейлі кезеңге аяқ басты. 1980 жылдан бері мұнай өндірісінде өз жұмысын бастаған «Қаражанбасмұнай» АҚ қырық жылға уақыттан бері жер қойнауын игеріп келеді.  

Осыған орай Өндірістік басқарма директорының орынбасары Кәрім Бозаханов өндірістік цехтарды аралап, жұмысшы қауымды айтулы нәтижемен құттықтады. Бұдан бөлек, ОИТҚ-да (ЦИТС) «Қаражанбас» компаниялар тобының өндірістегі жұмысшылары бас қосып, тарихи сәтке байланысты қуанышпен бөлісті. 
38 жылда 50 миллион тонна мұнай өндіру – «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының ерен еңбегінің нәтижесі. Жұмылған жұдырықтай өзара ынтымақпен өндірісті өркендету жолында аянбай тер төгіп жүрген жандарға алғыс айтылып, К.Бозахаров басшылық атынан құттықтауын жеткізді. 

Дата публикации:
2 мая 2018

Просмотры: 7390

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил