Қаражанбастық мұнайшылардың балалары Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» жазғы демалыс лагерінде демалып қайтты.

0

Маусым айының 19-28 күндері аралығында қаражанбастық мұнайшылардың балалары Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» жазғы демалыс лагерінде демалып қайтты. Алатау бөктерінде тыныққан жасөспірімдер уақыттарын қызықты өткізіп, түрлі байқауларда бақ сынады. Өз өнерлерін көрсеткен олар ән салып, би биледі, қылқаламмен түрлі тақырапта суреттер салды. Сонымен бірге, тауға шығып, табиғат аясында атпен серуен құрды.  

Демалыс маусымының алғашқы кезеңінде 102 мұнайшының баласы демалса, үшінші шілде күні тағы 102 бала екінші лекпен «Ақбұлаққа» аттанады деп күтілуде.

Дата публикации:
0

Просмотры: 14645

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил