Қаражанбаста 30 еңбек өтілі бар мамандар мен «Үздік маман-2017» сайысының жеңімпаздары марапатталды

19сентября 2017

Қаражанбаста 30 еңбек өтілі бар мамандар мен «Үздік маман-2017» сайысының жеңімпаздары марапатталды
18 қыркүйекте «Қаражанбасмұнай» АҚ президентінің міндетін атқарушы Бауыржан Баймулдинов вахталық қалашықтағы Мәдени демалыс орталығында екінші ауысымдағы 30 жылдық және одан жоғары еңбек өтілі бар мамандар мен «Үздік маман-2017» сайысының жеңімпаздарын марапаттады. 
Өндірісте ұзақ жылдан бері табанды еңбек етіп, өркендеуге елеулі үлес қосқан мамандарды құттықтаған компания басшысы оларға толағай табыс тілеп, Алғыс пен бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен бірге, «Үздік маман-2017» сайысында топ жарғандар жұмысшыларға диплом мен төсбелгілерді салтанатты шарада табыс етті. Осыған орай, мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтай келген облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының әртістері «Қош бол, махаббат» қойылымын тарту етті.
Марапатқа ие болған барлық әріптестерімізді қаражанбастықтар атынан шын жүректен құттықтаймыз! 

Дата публикации:
19 сентября 2017

Просмотры: 9887

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил