Қаражанбаста «Домбыра PARTY» өтті

0

19 сәуірде Қаражанбас кен орнындағы Мәдение демалыс орталығында өнерпаз жұмысшылардың қатысуымен «Домбыра PARTY» өтті. Ұлттық аспаппен ғана өнер көрсеткен көпшілік күмбірлетіп күй тартып, халық әндерін орындады. 

Қасиетті де киелі қара домбыраны ұлықтайтын мұндай шаралар еліміздің көптеген аймақтарында соңғы жылдары жиі өткізіліп жүр. Осыған орай, кен орнында аталған басқосу көпшіліктің ұсынысымен ұйымдастырылып отыр. 

«Домбыра PARTY» кезінде Марат Мәмбетов «Көроғлы», «Көңілашар», Ержан Ілиясов «Көңіл толқыны», Асылжан Тайманұлы «Құдаша», Әлібек Бүркітов «Аман бол шешем, аман бол», «Қоңыр», Асхат Бықылов «Мереке» күйлерін шертіп, көптің көңілін серпілтті. Думан Қуатбаев «Дүние жалған», Тамара Репназарова «Есіңе мені алғайсың», Мұхаммед Қазақ «Сағыныш», Марат Сәулебай «Қаракөз қыз» әнің нақышына келтіре шырқады. 

Сонымен бірге, ұлттың тілі мен жанына баланатын домбыра жайлы ақындардың өлеңдері де оқылды. Айнаш Тарапиева ақын І.Жансүгіровтің «Домбыра», Айдана Наушадиярова Қ.Сариннің «Кешір Домбыра» өлеңдерін оқыды. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 9736

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил