Қаражанбасмұнай АҚ мұнайшылар күніне арналған мерекелік шаралар салтанатпен өткізілді

20сентября 2017

"Қаражанбасмұнай" АҚ мұнайшылар күніне арналған мерекелік шаралар салтанатпен өткізілді

Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында өндіріс жұмысшыларының мерейі үстем болды. Кәсіби мерекеге орай мұнай саласының майталмандары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, KAZENERGҮ Қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ президентінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды. Өндіріс жөніндегі Вице-президент Сәтжан Назымов марапатқа ие болғандарды басшылық атынан құттықтады. Сондай-ақ, мерекеге орай екінші ауысым жұмысшылары арасында өткен спорттық шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Марат Себасов диплом мен арнайы сертификаттарды тапсырды. 

Салтанат марапатқа арналған кеш Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әртістерінің концертіне ұласып, көпшілікке шаттыққа толы көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Марапатқа ие болған барша қаражанбастық әріптестерімізді шын жүректен жетістіктіктерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз. 

Дата публикации:
20 сентября 2017

Просмотры: 6389

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил