Қаражанбас спортшылары облыс біріншілігінің жеңімпазы

0

«Қаражанбасмұнай» АҚ спорт нұсқаушысы Талап Барболов пен «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС слесарі Бекзат Шадкам үстел теннисінен Маңғыстау облысы біріншілігінде жұптық ойында бірінші орынға ие болды. Жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтаған олар алда республикалық сында бақ сынайды. 

Әріптестеріміз 9-10 қаңтар күндері Ақтау қаласында өткенде сында барлық қарсыластарынан басым түсіп, енді ақпан айында Қарағандыда өтетін республика чемпионатына қатысады. 

Үстел теннисі шеберлерінің сайысында топ жарған әріптестерімізді қаражанбастықтар атынан шын жүректен құттықтаймыз! 

Дата публикации:
0

Просмотры: 7881

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил