Қаражанбас кенорнындағы кәсіподақ кеші

3июня 2017

Биыл қазақ жерінде алғашқы кәсіподақ ұйымының құрылғанына 112 жыл. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ ұйымы мереке қарсаңында бір топ мұнайшыны Алғыс хаттармен марапаттады. 

Қаражанбас кенорнындағы мұнайшылардың демалыс үйінде өткен марапаттау рәсімінде компания президенті Есен Қайыржан мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Сәрсембаев көпшілікті атаулы күнмен құттықтады. «Кәсіподақ ұйымының қазақ топырағындағы тарихы ғасырдан астам уақытты құрайды. Содан бері оның қанаты кеңейіп, күннен күнге өркен жайып келеді. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында алтынкөпір болып жүрген ұйым әркезде өзінің міндетін мүлтіксіз атқаруда. Екі тарап арасында келісімнің тұрақты болуына ықпал етіп, түрлі мәселелердің шешімін табуына септігін тигізіп отыр. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді Есен Қайыржанұлы мұнайшыларды құттықтау кезінде.  

Кәсіподақ күнінде марапатталғандардың арасында Дүйсенбай Омаров, Мұратбай Қамысбай, Берік Қуанғалиев, Данияр Оралов, Қойшыбай Елбаев, Бекзат Жайлаубаев, Бақыт Сағынаев сынды цех кәсіподақтарының төрағалары бар. Бұдан бөлек әлеуметтік сала мамандары, спорттық жарысқа белсенді қатысып жүрген мұнайшылар да марапаттан тыс қалмады. Айтулы кеште өнерпаз мұнайшылар концерттік бағдарламаларын ұсынып, викториналық сұрақтар, лоторея ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

 

Дата публикации:
3 июня 2017

Просмотры: 8705

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил