Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында «БРЕЙН РИНГ» интеллектуалдық сайысы өтті

15февраля 2019

15.02.2019 ж. күні Қаражанбас кен орнындағы Мәдени демалыс орталығында «БРЕЙН РИНГ» интеллектуалдық сайысы өтті. Жұмысшылар арасында өткен сайыс олардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру, туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеуге бағытталып отыр. Сайысқа «Белсенді жастар», «Мұнайшы жастар», «Ерікті жастар» тобы қатысты.
Жастар жылы аясында өткен шара барысында қатысушылар түрлі кезеңдерде логикалық сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік білімдерін байқатты.
Нәтижесінде «Белсенді жастар» тобы бірінші орынға ие болса, «Ерікті жастар» тобы екінші сатыға тұрақтады. «Мұнайшы жастар» тобы ойынға белсенді ат салысып, барша қатысушыларға компания атынан сыйлықтар табысталды. 

Дата публикации:
15 февраля 2019

Просмотры: 8232

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил