Қаражанбас кен орнында мұнайшылар арасында «Жігітке жеті өнер де аз» атты байқау мәресіне жетті

10августа 2017

10 тамыз күні «Қаражанбасмұнай» АҚ, ТМС, АТС және «ТКжҰҚКБ» командалары арасында өткен сында сурет салу, спорт, өнер көрсету, сұрақтарға жауап беру секілді кезеңдерінде қатысушы командалар өздерінің қарым-қабілетін көрсетіп, жарыс көрігін қыздырды. Әр мекеменің бір-бір өкілінен құралған қазылар алқасы лайықты бағасын берді. 
"Сиқырлы қалам иелері» кезеңінде әр топтың суретшісі өндіріс аймағының келбетін бейнелеуі тиіс болды. Байқаудың «Спорт деген бір сиқыр» бөлімінде мұнайшылар ләңгі мен доп теуіп, секіртпемен секіріп, кір тасын көтерді. Жанкүйерлер қолдауына ие болған бұл бөлім аса тартыспен жалғасты. «Білімді мыңды жығар» атты бөлімі де өз деңгейінде жалғасты. Сұрақтарға жауап беру арқылы мұнайшылар өздерінің қаншалықты білімді екендіктерін дәлелдей алды. 
Нәтижесінде «Тұлпармұнайсервис» ЖШС командасы Алғыс хатқа ие болса, үшінші орынға АТС құрамасы тұрақтады. «Қаражанбасмұнай» АҚ екінші орынды қанағат тұтып, бірінші орын ТКжҰҚКБ командасына бұйырды. 
«Жігітке жеті өнер де аз» байқауы алдағы вахталық ауысым жұмысшылары арасында өтетін болады. Әр мекеме командалары арасындағы өзара ынтымақтастықты арттырып, байланысты күшейтуге арналған шара өткізудің мұнайшылар үшін маңызы аса зор.

 

Дата публикации:
10 августа 2017

Просмотры: 12133

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил