Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында наурыз мерекесінен арналған концерттік шара өтті

29марта 2019

28.03.19 ж. күні Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында наурыз мерекесінен арналған концерттік шара өтті. Мерекеге орайластырылған кеште мұнайшы қауымды «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, Кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Балабай Шелпеков, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті Менг Цинган, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов құттықтады. Сонымен бірге, өндіріс жұмысында ерен еңбегімен ерекшеленген жандарға арнайы марапаттар табысталды.
Кештің көркін Маңғыстау облыстық филармониясының әншілері әсем әнмен әрледі. Сондай-ақ, белгілі әнші-сазгер Елена Әбдіхалықова көпшілікке өзінің әндерін тарту етті. 

Дата публикации:
29 марта 2019

Просмотры: 8772

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил