Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында наурыз мерекесінен арналған концерттік шара өтті

19марта 2019

18.03.19 ж. күні Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында наурыз мерекесінен арналған концерттік шара өтті. Мерекеге орайластырылған кеште мұнайшы қауымды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Есен Қайыржан, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Таңатар Жайман, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов құттықтады. Шара барысында Есен Қайыржан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың құттықтау хатын оқып, көпшілікке жеткізді. Сонымен бірге, өндіріс жұмысында ерен еңбегімен ерекшеленген жандарға арнайы марапаттар табысталды.
Кештің көркін Маңғыстау облыстық филармониясының әншілері әсем әнмен әрлеп, кеш шырайын кіргізді. Сондай-ақ, белгілі әнші-сазгер Елена Әбдіхалықова көпшілікке өзінің әндерін тарту етті. 

Дата публикации:
19 марта 2019

Просмотры: 7032

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил