Қаражанбас кен орнында әйелдердің халықаралық мерекесіне орай «Пай-пай, шіркін қазақтың қыз-келіндері-ай» атты сайыс өтті

9марта 2019

8 наурыз күні Қаражанбас кен орнында әйелдердің халықаралық мерекесіне орай «Пай-пай, шіркін қазақтың қыз-келіндері-ай» атты сайыс өтті. Өндірісте еңбек ететін нәзік жандылар арасында өткен сынның негізгі мақсаты – ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын кеңінен насихаттап, қыз-келіншектеріміздің санасына сіңіруге негізделіп отыр.

«Сәлем сөздің анасы», «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» т.б. кезеңдер бойынша өткен сында қатысушылар барынша белсенді өнер көрсетті.
Нұрлан Дүйсебеков, Жайықбай Сүйегов, Ноябрь Отарбаев, Нұрсейіт Қасжан, Қолдасбай Еңсеев сынды қазылар алқасы қатысушылардың әділ бағасын берді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанғандар:

Ізмағанбетова Гүлжанат («Каспиан Фуд» ЖШС) - бас жүлде
(100.000 теңгелік «Технодом» сауда үйінің тауар сертификаты)
Бейсенбек Ақбілек (КБМ, Қабат қысым ұстау цехы) - І орын
(70.000 теңгелік «Технодом» сауда үйінің тауар сертификаты)
Өтегенова Айгерім («Каспиан Фуд» ЖШС) – ІІ орын
(50.000 теңгелік «Технодом» сауда үйінің тауар сертификаты)
Дауылбаева Жұмагүл («МобилСервис» ЖШС) - ІІІ орын
(30.000 теңгелік «Технодом» сауда үйінің тауар сертификаты)
Каринбаева Қымбат (КБМ, Жұмыс уақыт есептеу тобы) - Алғыс хат (заттай бағалы сыйлық, «Empire» сағаты )
Алтыбаева Асыл («СОФиМЕД ГРУПП» ЖШС)- Алғыс хат (заттай бағалы сыйлық «Empire» сағаты )

Сондай-ақ, көрермендермен де викториналық ойын ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар
берілді. Аталмыш шарада Ерлан Базарбаев «Гүл сыйлаңдар әйелге», Марат Сәулебай «Балзибаның әні», Гүлжанат Ізмағанбетова «Пай-пай қазақтың келіндер ай», Әлібек Бүркітов «Алтыным» әнімен кеш көрігін қыздыра түсті. 

Дата публикации:
9 марта 2019

Просмотры: 7621

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил