Қаражанбас кен орнында «Дарабоз» білімділер сайысы өтті.

16декабря 2015

Қаражанбас кен орнында «Дарабоз» білімділер сайысы өтті.

Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап өткен Тәуелсіздік - халқымыз үшін аса қастерлі ұғым. Тәуелсіздік – ұлан - байтақ жерді жаудан қорғап, бүгінгі ұрпаққа бүтіндей аманаттап кеткен батыр бабаларымыздың аңсаған мұраты. Биыл көк байрағымыздың желбірегеніне аттай 24 жыл толып отыр. Осынау қасиетті Тәуелсіздік күні қарсаңында Бозашы түбегінің төсіндегі Қаражанбас кен орнында «Дарабоз» интеллектуалдық тарихи-танымдық сайысы өткізілді. Басты мақсат – ұлттық рухани құндылықтарды, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін насихаттап, бабадан қалған асыл сөзді ұрпақ санасына сіңіру. Сонымен қатар қызметкерлердің еліміздің тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін одан әрі дамыта түсу көзделді. Алғырлар аламанына «Қаражанбас» компаниясы мен мердігер мекемелерден барлығы 4 команда - «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС – нің «Тұлпар» командасы, «ТК және ҰҚКБ» ЖШС-нің «Бірлік» командасы, «Қаражанбасмұнай» АҚ -ның «Ұлы дала ұландары» командасы және «АрғымақТрансСервис» ЖШС – нен «Арғымақ» командасы қатысып, бақ сынады. Алты адамнан құралған әр команда жақсы дайындықпен келген. 

Бірнеше кезең бойынша өткен сайыста Маңғыстау өлкесіне, жалпы қазақ тарихына қатысты, көне атауларға, ұлттық дәстүр, мәдениетімізге қатысты сұрақтар қамтылды. Туған топырақтың тамырынан нәр алып, елге деген ықыласын жоғары қоятын, отаншыл мұнайшылар бабалардан қалған ұлы сөздерді еске түсіріп, ұрпақтар сабақтастығының сақталғандығын көрсете білді. Командалық сайыста «Қаражанбасмұнай» компаниясының Президенті Дәулетжан Хасановтың бейне сұрағы ұсынылып, қатысушылар оған да мүдірмей жауап беріп, өз алғырлықтарын көрсете білді. Ойын нәтижесінде бас жүлдені ең жоғары ұпай санын жинаған «Қаражанбасмұнай» компаниясының командасы қанжығасына байлады. Екінші орын – «АТС» ЖШС командасына бұйырды. Үшінші жүлделі орынды «ТМС» ЖШС командасы еншілесе, «ТКжәнеҰҚКБ» ЖШС командасы алғыс хатпен марапатталды. Қазылар алқасына төрағалық еткен «ҚБМ» АҚ Әлеуметтік жұмыстар департаментінің директоры Марат Себасов сайыстың өте жоғары деңгейде өткендігін, қатысушылардың жақсы дайындықпен келгендігін және мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы зор екендігін атап өтті. 

Сонымен бірге осы шара аясында, Тәуелсіздік күніне орай, еңбегі сіңген компанияның бір топ қызметкері Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, «Қаражанбасмұнай» АҚ Мұнай дайындау және айдау цехының сорғы қондырғысының машинисі Джаманов Оралбек "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Естелік белгісімен, Орталық инженерлік-технологиялық қызметінің инженер-технологы Литвинов Руслан "Самрұқ-Қазына" АҚ Құрмет грамотасымен, Қабат қысымын ұстау цехының операторы Демесенов Төлеген "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Құрмет грамотасымен, Мұнай өндіру технологиясы бөлімінің инженері Смайлов Қазбек "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен бірге «ҚазМұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік компаниясының Алғыс Хатымен №1 Мұнай өндіру цехының операторы Нуралиев Әсет, Жылу және сумен қамту цехының слесарь - сантехнигі Қансұлтанов Оңбосын, Өндірісті автоматтандыру цехының бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесары Ізбасаров Ернұр, Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері Абдраманова Қарлығаш, Күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты құрылысты қадағалау инженері Маңғыбаев Өтеген марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 

Дата публикации:
16 декабря 2015

Просмотры: 14609

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил