Қаражанбас кен орнына«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен келді

0

Бүгін 29 мамыр күні Қаражанбас кен орнына «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Алик Серікұлы кен орнында алда құрылысы басталатын су тұщыту зауытының жобасымен таныс болды. Сонымен бірге, өндірістік басқарма және цех басшыларымен кездесті. Кездесуде өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов өндіріс жұмыстарымен, оның ішінде мұнай өндіру жоспарының орындалысы, мұнайшылардың әлеуметтік ахуалына қатысты жайттарды баяндады. Бұдан кейін ҚМГ басшысы жұмысшылар қалашығында аялдап, мұнайшылар жатақханаларын аралап, мәдени демалыс орталығы, спорт залының қазіргі ахуалына куә болды. Сапар кезінде компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігін Алик Айдарбаев оң бағалап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 6937

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил