Жас мамандар облыс әкімімен жүздесті

3июня 2017

Маңғыстау облысы бойынша мұнай компанияларының Жас мамандар кеңесінің мүшелері аймақ басшысы Ералы Тоғжановпен жүздесті. Олардың қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ жастары да бар. Кездесуге «ҚазМұнайГаз» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденов қатысып, жиын «Бірлігі мықты жастар – Болашаққа даму» деген атаумен өтті. Маңғыстау жастарының баяндамалары тыңдалған соң, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға Ералы Лұқпанұлы ашық әрі еркін әңгіме барысында жауап берді. 

Жалпы, бүгінде «ҚазМұнайГаз» АҚ қарасты еншілес компанияларда еңбек ететін әрбір жетінші адам жастарды үлесінде. Олармен жұмыс істеу бойынша бес бағытта нақты істер қолға алынған. Кәсіби даму, мәдениет, инновация, салауатты өмір салтын қалыптастыру және көмек көрсету бойынша бүгінде бірқатар істер атқарылуда. Еліміздегі көптеген ірі компаниялар Маңғыстауда орналасқандықтан жастар қанатының басым бөлігі осы аймақтың үлесіне тиеді. Осы орайда облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Маңғыстау жастарының бағыты айқын екендігін, бүгінде олардың 74 мыңы қалада, 88 мыңы ауылды жерлерде тұратындығын мысалға келтірді. Жас мамандар кеңесінің өңірдегі компаниялардағы жетекшілері өз жұмыстары бойынша атқарылған шаруалар жайын баяндады. Мұнайшы жастармен кездесуде облыс әкімінің атына Маңғыстау өңірін дамыту, оның ішінде өндіріс, ауыз су, қаланы көркейту, жастарды қолдау секілді жайттар ескеріліп, осы бойынша түрлі ұсыныстарын айтылды. Соңынан облыс әкімі жастардың ұсыныс, талаптары ескеріліп, тиісті шешім шығаратындығын атады.

 

Дата публикации:
3 июня 2017

Просмотры: 8431

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил