Жас мамандар күні аясында екі жас мұнайшы бірінші орынға ие болды.

13июня 2017

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ компаниялар тобында жыл сайын өтетін Жас мамандар күні аясында қаражанбастық екі жас мұнайшы бірінші орынға ие болды. Атырау қаласында өткен форумда «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары Жарас Исламбердиев пен Руслан Ақмұқанов көп ішінен үздік деп танылды. 

Мұнай-газ өндірісінің техникасы және технологиясы секциясында Руслан Ақмұқановтың «Шыбықтың ашылуына қарсы құрылғы» атты ғылыми жобасы жоғары бағаға ие болса, геология секциясында сынға түскен Жарас Исламбердиевтің «Кольматациямен күресудің тиімді әдісі» тақырыбында өз жобасын сәтті қорғап шықты.  

Жастар форумында ғылыми жұмыстарымен үздік шығып, топ жарған әріптестерімізді Компания атынан құттықтап, еңбектеріне жеміс тілейміз.


Дата публикации:
13 июня 2017

Просмотры: 8512

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил