Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшыларының соңғы легі 7-9 тамыз күндері аралығында барып қайтты

9августа 2017

Астанада өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған көрме еліміздегі аса жауапты ірі шара болып отыр. Осы орайда көрме ашылғалы бері «Қаражанбас» компаниялар тобының 1 200 жұмысшылары бірнеше топпен Астанадағы көрмені тамашалап қайтқаны баршаға белгілі. 
Астанада қаражанбастықтар көрмені тамашалай жүріп, «Нұр Әлем» павилионында аялдады. Еліміздің айбынын асқақтатар бұл павилион «ЭКСПО-2017» көрмесініңі ең ірі негізгі бөлігінің бірі. Мұнайшылары бұдан бөлек, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея секілді әлемнің дамыған елдерінің павилиондарына да бас сұқты. 
Көрме аясында көппен бірге ел астанасындағы ауқымды шараға куә болған мұнайшылардың алған әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Астанаға барған әріптестеріміз көрмеден көп нәрсені көкейге түйдік дейді.

 

Дата публикации:
9 августа 2017

Просмотры: 11876

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил