Еліміздің мемлекеттік рәміздер күнінде Ақтау теңіз жағалауында «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясы Жас мамандар кеңесінің ұйытқы болуымен таңертеңгілік жаттығу өткізілді.

0

Кеше еліміздің мемлекеттік рәміздер күнінде Ақтау теңіз жағалауында «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясы Жас мамандар кеңесінің ұйытқы болуымен таңертеңгілік жаттығу өткізілді. Жастар қатысқан шара – спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр. Бұл бастамаға «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесінің мүшелері де белсене ат салысты. 

Демалыс күні Каспий жағалауындағы алаңға жиналған көптің қарасы аз болмады. Көңіл сергітетін әуен мен сергек көңіл күймен ұзақ уақыт бойы түрлі дене жаттығуларын орындап, салауатты өмір салтын көпшілікке үлгі етті. 

Игі бастамаға бокстан олимпиала ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдірахманов сынды белгілі былғары қолғап шеберлері қатысты. Бұдан бөлек, «ҚазМұнайГаз» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденов баршаны рәміздер мерекесімен құттықтады.

Дата публикации:
0

Просмотры: 14131

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил