Бір минутта жеңіске жет

22августа 2017

21 тамыз күні Қаражанбас кен орнында «Бір минутта жеңіске жет» сайысы жалғасын тапты. Сайысқа 14 мұнайшы қатысуға ниет білдірген болатын. Мұндағы негізгі мақсат - жұмысшылардың бос уақытын көңілді өткізуді ұйымдастыру. Ойын барысында күнделікті қолданыстағы қарапайым құралдардың көмегімен 10 сынақ түрі мұнайшылардың ептілігін көрсетті. Әрбір сынақтан өту үшін ойыншыға тек қана бір минут уақыт берілді. Айта кетерлігі, әр ойыншыда 3 мүмкіндік болды. Межелі уақыттың ішінде сынақтан өте алмаса немесе ойын шарты бұзылса, бір мүмкіндіктен айырылады. Ал үш мүмкіндікті пайдалана алмаған жағдайда қатысушы үшін ойын тоқтатылып, аяқталып отырды. 

Ойынға қатысушылар:
1. Абдин Таңат – ӨАЦ;
2. Әбдікерімов Елдос – ЭлЦех;
3. Мусимкулов Биржан – №1 МӨЦ;
4. Юсупова Жанар – БМТС;
5. Тоқсанбаев Мақсат – №2 МӨЦ;
6. Сыдықов Берік – №2 МӨЦ;
7. Машырыков Ерлан – БӨЦ;
8. Басбаев Болат – МДжАЦ;
9. Оразов Қазидолла – ЖПжИЦ;
10. Бектілиев Әскер – ҚЖЦ;
11. Қарасаев Ербол – БӨЦ;
12. Миненко Егор – ЭлЦех;
13. Нұрымов Ғани – ЖПжИЦ;
14. Батиханов Ерлан – ӨАЦ;

Қатысушылар арасында 5-ші тапсырманы орындап, бірақ «күймейтін соманы», сыйлықты алмай ойынды жалғастырғандар:
1. Миненко Егор – ЭлЦех;
2. Сыдыков Берік – №2 МӨЦ;
3. Мүсімқұлов Біржан – №1 МӨЦ;

8-ші тапсырмаға жетіп, бірақ орындай алмаған:
Тоқсанбаев Мақсат – №2 МӨЦ;

Сайыс барысында қатысушылар арасынан 10 тапсырманы толық орындағандар болмағандықтан жеңімпаз анықталмады. Осы орайда мұнайшылар алдағы вахталық ауысымда ойынды қайта өткізу туралы ұсыныс білдіріп отыр. Сайысқа қатысып, белсене ат салысқан әріптестерімізге алғыс айтамыз!

 

Дата публикации:
22 августа 2017

Просмотры: 9285

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил