Бүгін Қаражанбас компаниялар тобында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагер мұнайшыларға айрықша құрмет көрсетілді.

18января 2019

Бүгін Қаражанбас компаниялар тобында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагер мұнайшыларға айрықша құрмет көрсетілді. «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «ТТжҰҚКБ» ЖШС ұзақ жылдар еңбек етіп, өткен жылы зейнеткерлікке шыққан жандарға аталған мекеме басшылығының Алғыс хаттары табысталды.
Мұнай-газ саласына сүбелі үлес қосқан еңбек ерлерін «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті Менг Цинган, Бірінші Вице-президенті Таңатар Жайман, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Президенті Чжао Цзинчжун, «ТТжҰҚКБ» ЖШС директорының орынбасары Мәлік Меңдіғалиев және серіктестік кәсіродағының төрағасы Қуаныш Сейсенбаев құттықтап, сіңірген өлшеусіз еңбектеріне зор алғыстарын білдірді.
Басқосу барысында зейнеткерлер тарапынан сөз алғандар компания басшылығына алғыс білдіріп, көрсетіліп тұратын әлеуметтік көмектің маңыздылығына тоқталып өтті.
Жиылғандарға маңғыстаулық өнер жұлдыздары ән мен күйлерін тарту етті. 

Дата публикации:
18 января 2019

Просмотры: 8422

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил