«Қаражанбасмұнай» АҚ жыл басынан бері 6 айдағы жұмысы туралы қорытынды есебі берілді.
Бүгін Қаражанбас компаниялар тобы қазақ мұнайына 120 жыл және Қаражанбас
кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мұнайгаз саласында ұзақ
жылдар бойы еңбек етіп, осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан
ардагер мұнайшыларға құрмет көрсетті. Салтанатты басқосуда
«Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент
Сүйіндік Алдашев, кәсіподақ төрағасы Айтбай Кужухов құттықтау сөз
сөйлеп, мұнайгаз саласын дамытуға атсалысқан ардагерлерді ҚР Энергетика
министрлігінің «Қазақ мұнайына - 120
жыл» төсбелгісін табыстап, сый-сияпаттармен марапаттады. Олардың
қатарында Әділ Нұрманов, Бітім Кезбаев, Әділ Төреханов, Жолдас
Тоғжанов сынды ардагерлер бар.
Шара барысында зейнеткерлерді
бейнежазба арқылы әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылық еткен
Дәулетжан Хасанов, Майкл Палмер сынды басшылар жүрекжарды лебіздерін
білдірді. Сонымен бірге, өндіріс жұмысы барысынан «Қаражанбасмұнай» АҚ,
«ТұлпарМұнайСервис», «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «ТКжҰҚКБ» ЖШС өкілдері
бейнежазба арқылы ардагерлерді атаулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ,
салтанатты шарада Қаражанбас кен орнында түсірілген клиптің тұсауы
кесіліп, көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен бірге, М.Өскінбаев
атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздары әннен шашу
шашып, салтанатты жиынның сәнің келтірді.
Дата публикации:
22 августа 2019
Поделиться: