Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ терістік Бозашы түбегін ашқан алғашқы геолог Әділ Нұрмановты құттықтады.

24января 2019

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ терістік Бозашы түбегін ашқан алғашқы геолог Әділ Нұрмановты құттықтады. 2019 жылдың 22 қаңтарында Қаражанбас кен орнының ашылғанына 45 жыл толған болатын. 1974 жылдың басында алғашқы мұнай фонтаны атқылап, оның куәсі болған ардагер геолог Әділ Нұрмановтың атқарған еңбегі көпшілікке аңыз.
Компания ұжымы ақсақалға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Өз кезегінде Әділ Нұрманов Қаражанбас кен орнындағы бұрғылау жұмыстарының қалай басталғанын, оны игеру жолындағы түрлі қиындықтардан қалай өткенін әңгімелеп берді. Сонымен бірге, бүгінде мұнай өндіруші ірі компанияның қалай өркендегенін тілге тиек етіп, құрмет көрсеткендерге ризашылығын білдірді. 

Дата публикации:
24 января 2019

Просмотры: 8617

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил