Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ өндіріс жөніндегі Вице-президенті болып Сүйінов Нұрсейіт Жомартұлы тағайындалды

15августа 2019

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ өндіріс жөніндегі Вице-президенті болып Сүйінов Нұрсейіт Жомартұлы тағайындалды. Компания ұжымына жаңа Вице-президентті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ жөніндегі басқарушы директоры Абат Нұрсейітов таныстырды. Өз кезегінде А.Нұрсейітов Н.Сүйіновтің атқарған еңбек жолы туралы айта келіп, алда өндірістік жоспарды орындауда лайықты жұмыс атқарады деп сенім білдірді. Сонымен бірге «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, Өндірістік басқарма директоры Оңғарбай Қабылов сөз алып, сәттілік тіледі.
Нұрсейіт Сүйінов – Ш.Есенов атындағы университеттің «Тау-кен инженері» мамандығын мұнай және газ кен орындарын әзірлеу бағыты бойынша бітірген. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ӨзенМұнайСервис», «ОралОйлэндГаз» ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. 

Дата публикации:
15 августа 2019

Просмотры: 5431

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил