Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесінің мүшелері Басқарманың құрмет грамоталарымен марапатталды

0

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесінің мүшелері Басқарманың құрмет грамоталарымен марапатталды. Жастар тарапы өндіріс жұмысымен шектелмей үнемі компаниядағы қоғамдық істерге белсене араласып, ат салысып келеді. Осы тұрғыда оларға «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян мен Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев атынан марапаттар салтанатты жағдайда табысталды.
Өз кезегінде әлеуметтік және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры Ренат Қаражанов жас мамандар кеңесіне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кеңес төрағасы Асылбек Бисатов жастардың атынан басшылыққа алғыс білдіріп, кеңес жұмысына тұрақты қолдау білдіріп отыратындығына тоқталды. Марапаттау барысында жас мамандар кеңесінің өзге де мүшелері сөз алып, пікір білдірді. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 5572

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил