Ардагер мұнайшыларға алғыс айтты

5марта 2018

Бүгін Алғыс айту күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы мұнай саласына елеулі үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетті. Осы орайда Кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Балабай Шелпеков пен Әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің директоры Ренат Қаражанов, Әлеуметтік және әкімшілік шаруашылық жұмыс департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Рысжанова, бас маман Шара Шуақова Әділ Нұрманов, Күмбетбай Әлібеков, Сағынбай Қызылов, Еркінше Төреханов, Бітім Кезбаев сынды Компанияда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге арнайы барып, сый-сыяпаттарды табыстады. 

Шара аясында ардагерлердің ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайтындығы, сонымен бірге, жастарға үнемі үлгі болатындығы айрықша аталды. Өз кезегінде, Маңғыстауға есімі белгілі барлаушы геолог Әділ Нұрманов Қаражанбас кен орнының қалай ашылғандығын, ұзақ уақыт бойы жүргізілген барлау жұмыстары барысында көп қиындықтарға қарамастан барлаушы геологтар тобы табанды жұмыс атқарғандығын еске алды. Сондай-ақ, «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығының үнемі назардан тыс қалдырмай, елеп ескеріп жүретіндігі үшін ардагерлер алғыстарын жеткізді. 

Дата публикации:
5 марта 2018

Просмотры: 7956

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил