13.03.2019 ж. күні Ақтау қаласында «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли
Тецян бастаған басшылық тарап орталық аппарат ұжымына 2018 жылдың
қорытындысы бойынша есеп берді. Аталған есептік басқосуға компанияның
Бірінші Вице-президенті Сүйіндік Алдашев, Кадр және әлеуметтік мәселелер
жөніндегі Вице-президент Балабай Шелпеков, Коммерциялық мәселелер
жөніндегі Вице-президент Бауыржан Баймулдинов, Экономикалық мәселелер
жөніндегі Вице-президент Бақтияр Балжанов, Өндірістік-техникалық
департаментінің директоры Қайрат Нұрмұханов салалық бағыттар бойынша
былтыр атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Сонымен бірге, кездесу барысында қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауап берілді.
Дата публикации:
13 марта 2019
Поделиться: