Ақшұқыр ауылында «Қаражасбасмұнай» АҚ қолдауымен салынған футбол алаңы пайдалануға берілді.

0

Ақшұқыр ауылында «Қаражасбасмұнай» АҚ қолдауымен салынған футбол алаңы пайдалануға берілді. Балаларға арналған спорттық ойын алаңы мемлекет басшысының "Болашаққа бағжар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында ауыл халқының игілі үшін табысталып отыр. 

Осыған орай, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның Кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президенті Балабай Шелпеков пен ауыл ақсақалы Жидебай Өтеев алаңның ресми түрде лентасын қиды. Сонымен бірге, "Қаражанбасмұнай" АҚ әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің директоры Ринат Қаражанов, Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов бастаған жергілікті басшылық өкілдері де қатысты.


Аталған футбол алаңын салу туралы мәселе көптен бері қозғалып келе жатқан болатын. Ұсыныс негізінде «Қаражанбасмұнай» АҚ тарапынан тиісті қаржы бөлініп, ауыл балаларының салауатты өмір салтын қалыптастыруы мақсатында салынып отыр. 

 

Дата публикации:
0

Просмотры: 7554

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил