Cпартакиаданың Іріктеу кезеңінің алғашқы турында жеңіске жеткен мұнайшы спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

0

Кеше «Нұр Плаза» мейрамханасында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ компаниялар тобы бойынша жылда өтетін спартакиаданың Іріктеу кезеңінің алғашқы турында жеңіске жеткен мұнайшы спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Армрестлинг, жүзу, шағын футбол, шахмат, үстел теннисінен сынға түскен «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ командасының өкілдеріне лайық құрмет көрсетілді. Көп ішінен іріктелген үздіктер тамыз айының соңында Зерендіде өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ спартакиасының финалдық кезеңінде сынға түсетін болады.

Сонымен, үстел теннисінен (ерлер, әйелдер): Д.Абильдинов («ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ), А.Тұрбаева («Қаражанбасмұнай» АҚ), шахматтан (ерлер, әйелдер), Е.Қасымханов (ҚазГерМұнай» БК» ЖШС), А.Усалиева («Ембімұнайгаз» АҚ) барлық кездесуде қарсыластарынан басым түсті. Жүзуден ерлер арасында В.Юрманов («ҚазГерМұнай» ЖШС) пен әйелдер арасында Е.Тубакина («ҚазГерМұнай» БК» ЖШС) топ жарды. Армрестлингтен Е.Келдібайұлы 80 кг («ҚазГерМұнай» БК» ЖШС), Б.Толеубеков +80 кг («Қаражамбасмұнай» АҚ) оза шапты. Әйелдер арасында А.Келімбетова 65 кг («ҚазГерМұнай» БК» ЖШС), Г.Алдабергенова 65 кг («ҚазГерМұнай» БК» ЖШС) келесі кезеңге жолдама алды. Ал футбол бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС командасы барлық қарсыластарын айқын ұтып, бірінші орынға ие болды. 

Жеңіске жеткен барша әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдіреміз.


Дата публикации:
0

Просмотры: 7874

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил