CITIC Resources» директорлар кеңесінің төрағасы мен өзге мүшелері жұмыс сапарымен келді

31июля 2019

2019 жылдың 30 шілдесі күні Қаражанбас кен орнына «CITIC Resources» директорлар кеңесінің төрағасы мен өзге мүшелері жұмыс сапарымен келді. Кен орнының өндірістік, әлеуметтік нысандарымен танысқан қонақтар мұнайшылар қалашығында Қаражанбас мұражайына аялдап, кен орнының тарихымен танысты. Сондай-ақ, мұнай дайындау және айдау цехы, №2 МӨЦ, бу өндіру цехын аралап көрді. Сапар барысында Қаражанбас кен орнындағы алғашқы мұнай фонтаны атқылаған тарихи ұңғыға аялдап, ардагер мұнайшылар еңбегіне тағзым етті.
«CITIC Resources» өкілдерінің сапары аясында Компания Президенті Ли Тецян, Өндірістік Басқарма директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Нұркен Қаражанов, сонымен бірге өндірістік бағыт бойынша басшылар атқарылып жатқан жұмыс жөнінде ақпарат берді. 

Дата публикации:
31 июля 2019

Просмотры: 5352

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил