8 тамыз күні Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мен Қаражанбас кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде Қаражанбас компаниялар тобы қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир аяқталды.

8августа 2019

12 команда қатысқан аяқдоп шеберлері бәсекесі қызу тартысты өтіп, компания қызметкерлері тартысты ойын өрнегін көрсетті. Топтық кезеңнен сүрінбей өткен командалар арасынан жартылай финалға 4 команда жолдама алды. Финалға үшін өткен ойында «АрғымақТрансСервис» ЖШС футболшыларын Бу өндіру цехы (БӨЦ) командасы 2:5 есебімен қапы қалдырды. «Қаражанбасмұнай» АҚ (Орталық аппарат) командасы №2 мұнай өндіру цехы (МӨЦ-2) жігіттерінен 2:1 есебімен басым түсті. Үшінші орын үшін өткен кездесуде АТС ойыншылары МӨЦ-2 командасы 4:0 есебімен еш мүмкіндік бермей ұтса, финалда Орталық аппарат командасы БӨЦ футболшыларынан 3:2 есебімен басымдық танытты. 

Дата публикации:
8 августа 2019

Просмотры: 5111

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил